Ғылымға бөлінген 295 млн теңге қайда кетті? Прокуратура мемлекет қаржысының жымқырылғанын анықтады
Фото: freepik.com
Ақмола облысының прокуратурасы ғылымды дамыту және отандық өндірісті қолдау үшін бөлінген мемлекеттік грант қаражатының мақсатсыз пайдаланылғанын анықтады, деп хабарлады Orda.kz.
Тексеру барысында грант қаржысын тиімсіз жұмсау, жобалардың қайталануы, мемлекеттік мүліктің бүлінуі, сондай-ақ бастамалардың толық іске асырылмауы секілді деректер әшкереленді. Бас прокуратураның мәліметінше, бір жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметінде зауыт салу және өнім өндіруге бөлінген 295 млн теңге көлеміндегі грант қаражатының тиімсіз пайдаланылғаны белгілі болды. Аталған сома бөлінгенімен, тиісті жұмыстар жүргізілмеген.
Қазіргі уақытта бұл қаражатты сот тәртібімен мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр.
«Тағы бір жағдайда ғылыми орталықтардың бірінің лауазымды тұлғалары ғылыми зерттеулер аясында өндірілген 850 тоннадан астам тұқымдық астықты полигонға шығарып тастаған. Соның салдарынан мемлекетке 100 млн теңгеден астам залал келтірілген», деп мәлімдеді Бас прокуратура.
Лауазымды тұлғалардың салғырттығы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, Павлодар облысында тұрғын үй өртеніп, екі бала көз жұмды.
Жаңалықтар
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?