Грин-карта алу тәртібі өзгерді: Қазақстандықтар нені білу керек?

cover Фото: Pexels

Америка Құрама Штаттарына бару – көп қазақстандықтардың арманы. Алайда АҚШ-қа иммигрант болып барудың өзі біраз шаруа. Жалпы грин-карта деген не және қазақстандықтар нені білуі керек?

Orda.kz тілшісі грин-карта лотореясының экспертінен сұхбат алды.

Өткен жылы АҚШ президенті Трамп 2025 жылдың соңына қарай Браун университеті мен Массачусетс технологиялық инстутында Португалия азаматы атыс ұйымдастырғаннан кейін грин-карта беруді тоқтатқан еді. Кейін грин-карта толық қалыпты режимге әлі оралмады, бірақ жаңа ережелер енгізіліп жатыр. Грин-карта алу кезінде қандай өзгерістер бар екенін эксперт Назерке Қайратқызы түсіндіріп берді.

«Қазір құжаттарды алатын кезде Scan нұсқасы талап етіледі. Бұрын адамның жынысы маңызды емес болатын, ал қазір оны да нақтылап өтуіміз керек және адамның туған күнін де жазуымыз керек. Ал бұрын оларды белгілемейтін едік», – деді Назерке Қайратқызы.

Өз сөзінде эксперт қазақстандықтар грин-картаға нақты нені ескеруі керек екенін тілге тиек етті.

«Алдымен адамның суреті анық болуы керек. Қалай түсірілетіні туралы ресми сайтта жазылған, сол бойынша анық әрі дұрыс шығуы керек. Олар арнайы грин-картаға түсіретін фотосалондарға барып түсірілуі тиіс. Одан кейін құжаттар қатесіз жазылуы тиіс және отбасындағы барлық адам қамтылуы керек. Ол отбасының барлық суреттері қажет болады. Басқа некеден баласы бар болса да, соны толығымен жазады», – деді эксперт. 

Эксперттің сөзінше, құжат тапсырарда көп адамдар жоғарыда айтылғандардан қателесіп жатады. Туу туралы куәлігінде жазылған туған жерінің аты кейін өзгеріп кетсе, сол жаңа атауымен жазылуы керек. Сондай-ақ Назерке Қайратқызы сұхбаттарға адамды мезгіл, айға қарап шақырмайтынын айтты. Грин-картаға қазан мен қараша айларында құжат толтырып кейін мамыр айында оның жауабы шығады. Кейін кезекпен оларды сұхбатқа шақырады. Қалай оның жауабы шығады солай адамдар Америкаға дайындала береді.

«Грин-карта – АҚШ-та тұруға, заңды жүріп, заңды түрде жұмысқа орналаса алатын карта. Алайда сіз АҚШ-тың биліктік сайлауына барып дауыс бере алмайсыз», – деді эксперт.

Оқи отырыңыз:





Жаңалықтар

барлық жаңалықтар