Головкинге төлемі комақты жекпе-жек ұсынылды

cover

Орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы титулының иегері, британдық Крис Юбенк-кіші тағы да осы дивизионда IBF және IBO титулдарын иеленген қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

- Геннадий Головкиннің қарсыластары бітті. Ол бұрышқа қысылған тышқан сияқты. Титулды қорғау керек. Бұл жерде сұрақ туындайды. Жанкүйерлер оны кімге қарсы көргісі келеді? Ол ең үлкен төлемді кіммен жекпе-жекке шығып алады? Дұрыс, мұның бәрі мен! Егер мүмкіндік болса, Мен алдымен титулды аламын, содан кейін біз онымен рингке шығамыз, - деді Юбенк TalkSport-қа берген сұхбатында.

Бұған дейін британдық боксшы Головкиннің өкілдері оның командасымен байланысып, жекпе-жекке қызығушылық танытқанын айтқан болатын. Юбенк тіпті жекпе-жектің мерзімдерін айтты.

Айта кетейік, британдық 2 қазанда неміс Свен Эльбирмен жекпе-жек өткізеді.

Головкин желтоқсан айында рингке қайтып келеді деген болжам бар – орта салмақта WBA «суперчемпионы» Риото Мурато кездеседі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар