Головкин 21-ші рет әлем чемпионы атағын қорғамақшы

cover

Қазақстандық әйгілі боксшы әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады. Соңғы рет ол былтыр жұдырықтасқан болатын.

Қазақстандық атақты боксшы Геннадий Головкин польшалық Камил Шереметамен болатын алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдіріп үлгерді.

Головкин мен Шеремета кездесуі 17-19 желтоқсанда АҚШ-тың Холливуд қаласындағы Hard Rock Holly казино-қонақүйінде болады. Екеуінің жұдырықтасуы шоудың басты оқиғасы болады деп күтілуде. Бокс кешін DAZN стриминг сервисі трансляциялайды.

"Бұл жай ғана айқас емес. Бұл жекпе-жектің мәні бар. Мен қарсыластарымды әрдайым құрметтеймін. Боксты шынымен сағындым және осы жылы жұдырықтасқым келді. Мақсатым - рекордты 21-ші рет әлем чемпионы атағын қорғау", - деді атақты жерлесіміз.

Шеремета – Головкин ие болып отырған IBF орта салмақтағы әлем чемпионатына үміткер. Головкин - Шеремет жекпе-жегі жылдың басында өтуі керек еді, бірақ әртүрлі себептермен бірнеше рет кейінге қалдырылған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар