Ғалымжан Қырықбай «Қазақстан Барысы-2023» жеңімпазы атанды

cover

Астанада қазақ күресінен «Қазақстан Барысы-2023» ХІІ республикалық турнирі аяқталып, финалда маңғыстаулық палуан Нұрдәулет Жарылғаповты жеңген Жамбыл облысының өкілі Ғалымжан Қырықбай чемпион деп танылды.

Qazaqstan Barysy-2023 турниріне абсолюттік салмақта әр облыстан екі балуан, сондай-ақ күш құрылымдары арасындағы турнирдің «Әскер Барысы» жеңімпаздары қатысты. Бас жүлде үшін барлығы 41 спортшы бақ сынады.

Еліміздегі ең беделді жарыстарға қатысушылар тізімінде Руслан Әбдіразақов, Нұрдәулет Жарылғапов, Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай және Мақсат Исағабылов сынды танымал палуандар болды.

Нәтижесінде жыл сайынғы турнирдің жеңімпазы болып бұрын екі рет жеңімпаз атанған Ғалымжан Қырықбай танылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар