Германиядағы су тасқынынан 80-ге жуық адам қаза болды

cover Фото: Reuters

Су тасқыны салдарынан Рейнланд-Пфальц федералды штатында 50 адам және Солтүстік Рейн-Вестфалияда 30 адам қайтыс болды.

Бұл туралы Orda.kz РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін ауа-райының қолайсыздығынан 58 құрбан болып, 1,3 мың адам хабар-ошарсыз кеткен.

Канцлер Ангела Меркель апат кезінде жақындарынан айрылғандарға көңіл айтты. Оның айтуынша, трагедияның соңғы ауқымы жақын күндері белгілі болады.

Германияда дүйсенбіден бастап Батыс Еуропада құрылған «Бернд» циклонының әсерінен жаңбыр жауып жатыр. Негізгі соққы батыс және оңтүстік-батыс аймақтарға түсті, онда өзендер, оның ішінде Рейн өзені тасып, көшелерді су басты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар