Германияда Астана сотының бұрынғы судьясы жоғалып кетті
Фото: instagram.com/podslushano.de
Майндағы Франкфурттің жергілікті полициясы бір апта бұрын жоғалып кеткен Астананың Сарыарқа ауданының бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаеваны іздестіріп жатыр.
Бұл туралы брифингте сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.
Смадияров Сайлыбаеваның ұзақ уақыт бойы Қазақстаннан тыс жерде тұрып жатқанын айтты. Ол жоғалып кеткеннен кейін оның туыстары Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстан бас консулдығына хабарласты.
«Бас консулдық бұл мәселені ерекше бақылауға алды. Біздің дипломаттар дереу жергілікті полицияға хабарласты, олар іздеу жұмыстарын бастап кетті. Консул Сайлыбаеваның тұрғылықты мекен-жайына барып, оның туыстарымен кездесіп, жағдайды полициямен талқылады, олар бұл іске ерекше назар аударуға уәде берді. Сондай-ақ Берлиндегі Бас консулдық пен Елшілік аталған мәселені бақылауда ұстау үшін Германияның Сыртқы істер министрлігіне тиісті үндеу жолдады»,- деді Смадияров.
Ол сондай-ақ дипломаттар жоғалған әйелдің туыстары Германияға баруға виза алуды тездету үшін жұмыс істеп жатқанын айтты. Консул отбасымен байланыста.
Журналист Гүлмира Әбіқайдың айтуынша, Сайлыбаеваның телефоны сөндірулі. Күйеуі оның қайда екенін білмейтінін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ өзі соғысып жатқан Иранның мұнайын сатып алмақшы
- «SuperStar KZ» жобасы 20 жылдан кейін қайта оралды
- Батыста балық қырылды: мамандар себебін анықтады
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар