Геннадий Головкин World Boxing президенттігіне жалғыз үміткер болып қалды
Фото: Геннадий Головкиннің әлеуметтік желідегі парақшасынан
Геннадий Головкин халықаралық World Boxing ұйымын басқаруға үміткер ретінде жалғыз өзі тіркелді, деп хабарлайды Orda.kz.
Кеше оның соңғы қарсыласы — Грекия өкілі Харис Мариолис сайлауға қатысудан бас тартты. Бұған дейін дәл осындай шешімді Владимир Кличко қабылдаған болатын.
Осылайша, осы аптаның соңында Италияның Рим қаласында өтетін дауыс беруде Головкин ұйымның жаңа президенті болмақ.
Айта кетейік, World Boxing 2023 жылдың сәуірінде Халықаралық Олимпиада комитеті мен IBA (бұрынғы AIBA) арасындағы қатынастар үзілгеннен кейін құрылған. Ұйымның негізгі мақсаты — бокстың Олимпиада бағдарламасында қалуын қамтамасыз ету және спорттағы басқарудың қоғам алдында ашық болуын қамтамасыз ету.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Азия Олимпиадалық кеңесі спорт комитетінің мүшесі болды.
Жаңалықтар
- Бішкекте ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды
- Бектенов көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөнінде жиын өткізді: Көлік министрлігі сынның астында қалды
- Шымкентте өткен автофестивальда әзілкешті көлік қағып кетті
- Қалжалау дәстүрі: Қырық күн күтімнің жаңа форматы қандай?
- Яна Легкодимованы өлтіргендер әлі ұстау изоляторында: Этаптау үшін ұлттық ұланның арнайы қарауылы сұралған
- Қостанайда қайғылы жол апатынан 4 адам ажал құшты
- Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған BMW жүргізушісі ұсталды
- ҚМА: 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 млн теңге салған
- Державалардың таласы басталып кетті. Айға ұшудың мәні неде?
- Қаражат жинауға, мейрамханаға баруға тыйым салынады: Оқу-ағарту министрлігінің бітіру кешіне қатысты мәлімдемесі
- Шымкентте шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне жағдай жасағандар ұсталды
- Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін ашық мойындады
- Димаш Құдайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды
- Полициядан қашқан: Астаналық мектеп оқушысы жүк пойызының төбесінен құлап кетті
- Жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігі жүргізушісі құтқарылды
- Бавария 105 гол соғып, өз рекордын жаңартты
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр