Ғалымдар қазақ тіліндегі медициналық терминдер сөздігін жасайды
Фото: ашық дереккөзден
Семейде өткен кездесуде қазақстандық дәрігерлер мен ғалымдар өзекті медициналық терминдер сөздіктерін жасауды талқылады, деп хабарлады Orda.kz.
«Республикалық терминологиялық конференция барысында мамандар денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің терминологиялық базасын қалыптастыру туралы сөз қозғады. Ғылыми жарияланымдардағы аббревиатураларды талдауға және ғылыми медициналық тілді жүйелеуге ерекше назар аударылды», деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Салаға жасанды зердені енгізу, оның ішінде KAZHealthGPT жүйесін әзірлеу жеке тақырып ретінде ауқымды талқыланды.
Сонымен қатар, қатысушылар «Мемлекеттік тілдегі 100 медициналық оқулық» жобасының болашағына сенім білдірді.
Олар уәждеме ретінде қазақ тілінде орындалған ғылыми жұмыстарды көтермелеуді және ғылыми журналдардағы үздік жарияланымдар үшін сыйлық тағайындауды ұсынды.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінде Қазақстанда дәрі-дәрмектерді таңбалаудың біраз қырлары қаралған болатын .Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті түрде таңбалау 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап өндірілген дәрілерге ғана енгізіледі.
Жаңалықтар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады