Футболдан Қазақстан құрамасы Люксембургтен жеңіліп қалды
Фото: kff_team
«Стад де Люксембург» стадионында футболдан Қазақстан құрамасы Люксембург құрамасымен жолдастық кездесу өткізді.
21 жастағы «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Әділет Садыбеков матчтың екінші минутында Асхат Тағыбергеннің берген добымен баспен гол соғып, есеп ашты. Бұл гол Қазақстан құрамасы тарихына ең жылдам голдардың бірі ретінде енді.
Бірақ кейін қарсылас бірнеше қауіпті шабуыл жасады.
Люксембург 24-минутта Герсон Родригестің күшімен есеп теңестірді. Алаң иелері екінші голды 45-минутта соқты. Екінші таймда Магомед Адиев ойыншыларды алмастырғанымен, жағдай өзгерген жоқ. Есеп өзгеріссіз қалып, Еуропа құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекиядан 0:5 есебімен жеңілгеннен кейін, кезекті жеңіліске ұшырады.
Футболдан Еуропа чемпионатының соңғы қатысушылары сейсенбі күні плей-офф ойынында тиісінше Уэльс, Греция және Исландияны жеңген Польша, Грузия және Украина құрамалары болды.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды