Франция Жаңа Каледонияға дербестік мәртебе беруге келісті
Фото: Эммануэль Макрон
Париж маңындағы Буживаль қаласында Франция үкіметі мен Жаңа Каледонияның саяси көшбасшылары аралға автономиялық мәртебе беретін келісімге қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл құжат Жаңа Каледонияға кең ішкі басқару еркіндігін, халықаралық байланыс жүргізу құқығын және жеке азаматтықты қамтамасыз етеді. Алайда толық тәуелсіздік берілмейді. Келісімді қабылдау үшін алдымен Франция парламентінің мақұлдауы қажет, кейін арал тұрғындарының референдумдағы шешімі ескеріледі.
Құжатқа Жаңа Каледонияның бірнеше саяси ұйымы қолдау білдірді, олардың арасында бұрын бір-біріне қарсы болған күштер де бар. Он күндік келіссөз нәтижесінде аралға автономиялық мемлекет мәртебесі берілетін болды.
Франция ақпарат құралдарының мәліметінше, Жаңа Каледония тұрғындары екі төлқұжат иелене алады – француз және болашақ республика азаматтығы. Сонымен қатар, олар сыртқы саясатта дербес әрекет етуге құқылы болады.
Франция президенті Эммануэль Макрон бұл келісімді «тарихи» деп бағалады.
«Бүгін – сенімге, тұрақтылыққа және болашаққа бағытталған ынтымақтастықтың күні. Біз ортақ болашақты бірге құрамыз», – деді ол.
Президент келіссөздерге қатысқан делегацияларды Елисей сарайына шақыратынын мәлімдеді.
Премьер-министр Франсуа Байру болса, Жаңа Каледонияның жаңа мәртебесі Франция Конституциясында көрсетілетінін айтты. Дегенмен ол үшін парламенттің келісімі мен аралдағы референдум қажет.
Жаңа Каледонияның болашағы жайлы пікірталастар бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. 2018–2021 жылдар аралығында үш референдум өтіп, тұрғындардың көпшілігі Франциямен байланыста қалуды таңдады. Соңғы референдумды байырғы канака халқы бойкоттаған.
2024 жылдың көктемінде аралда наразылықтар өршіп, Франциядан келген қоныстанушыларға сайлау құқығын беретін заң жобасына қарсы толқулар басталды. Қақтығыстар барысында адам шығыны тіркеліп, жүздеген адам жарақат алды. Елде төтенше жағдай жарияланып, Эммануэль Макрон аралға арнайы барды.
Қол қойылған келісім – бұл ұзаққа созылған саяси дағдарысты шешуге бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырылып отыр.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды