FlyArystan-да бортсерікті ұрып, бомбамен қорқытқан жолаушы сотталды

cover Фото: FlyArystan

Астанадан Өскеменге ұшуы тиіс болған ұшақтың бортында жанжал шығарып, бортсерікке қол көтерген соң ұшақта бомба бар деп қорқытқан ер адам 3 жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Елорда сотының мәліметінше, оқиға салдарынан әуе компаниясы айтарлықтай шығынға ұшыраған. 

«Салдарынан екі адам жарақат алды, ал жалған бомба туралы хабарламадан кейін 153 жолаушы ұшақтан түсіріліп, қайта тексеруден өтті. Көлік полициясы мен FlyArystan әуе компаниясы бұл оқиғаға байланысты қаржылық шығынға ұшырады», деп хабарлады Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі.  

Айта кетейік, 2025 жылғы 13 қаңтарда FlyArystan әуе компаниясының ұшағында 47 жастағы мас жолаушы төбелес бастап, бортсерікті ұрып, оны сабырға шақырмақ болған ер адамға да қол көтерген. Сонымен қатар, ұшақта бомба бар деп айқайлаған. Сол рейсте болған журналист Азамат Ерғалиев болған жағдайды әлеуметтік желіге жазған болатын. 



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар