Exit-poll: Референдумда 86,7% дауыс беруші жаңа Конституцияны қолдады

cover

Бұл көрсеткішті «Еуразиялық интеграция институты» зерттеу компаниясы жүргізген exit-poll нәтижелері көрсетті, деп хабарлайды Orda.kz.

Exit-poll деректері бойынша, референдумға қатысқан қазақстандықтардың басым бөлігі ұсынылған конституциялық өзгерістерді қолдап дауыс берген.

Ал «Социс-А» жүргізген exit-poll нәтижесіне сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 87,4%-ы жаңа Конституцияға дауыс бергенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Қазақстандағы референдум елеулі оқиғаларсыз өтті. Бұл туралы Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов айтты

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар