Еуроодақ Қазақстан көмірін санкция салынған Ресей порттары арқылы жеткізуге рұқсат берді
Фото: Pexels
Еуропалық одақ Қазақстанның көмірін Ресейдің санкция салынған порттары арқылы тасымалдауға рұқсат берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше қалыптасқан жағдайды реттеу мақсатында олар интеграция министрлігімен және Сыртқы істер министрлігімен және ЕО жанындағы Қазақстан Республикасының өкілдігімен бірлесіп, еуропалық тараппен түрлі кеңес өткізіп, жұмыс істеген.
«2025 жылдың ақпан айында ЕО-ның 16-шы санкциялық пакеті аясында Ресейдің бірқатар порттарымен мәміле жасауға тыйым салынды. Бұл Қазақстан көмірінің Еуропа елдеріне экспортын тұрақты шығарып тұруға қауіп төндірді» деп жазылған хабарламада.
Бұл өзгеше жағдай мынадай шарттар сақталған кезде ғана қолданылады:
- Көмір міндетті түрде Қазақстан Республикасының көмірі болуы тиіс;
- жүктің меншік иесі шектеу шаралары қолданылатын елдердің резиденті болмауы керек;
- порттар тек транзит, тиеу немесе жөнелту аймағы ретінде ғана қолданылуы тиіс. Тауарды сатып алу немесе өндіру бұл аумақта жүргізілмеуі қажет.
«2022 жылы Қазақстан көмірінің ЕО-ға экспорты 4,4 млн тонна болған. Ол 419,2 млн АҚШ долларына бағаланды (жалпы экспорт көлемінің 45%-ы). 2023 жылы бұл көрсеткіш 6,1 млн тоннаға жетіп, 382 млн доллар (54,3%) болды. 2024 жылы – 5,2 млн тонна, 312,5 млн доллар (51,8%). 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында экспорт 1,6 млн тонна немесе 82,9 млн доллар болып, көмір экспортының жалпы көлеміндегі үлесі 38,5%-ға жетті. Көрсеткіштердің уақытша төмендегеніне қарамастан, қабылданған шаралар Қазақстан көмірінің ЕО-ға жеткізілімін қалпына келтіруге және логистикалық бағыттардың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді» деп жазылған хабарламада.
Усть-Луга порты тарихи түрде Қазақстан көмірін Еуропаға транзиттік жолмен жеткізудегі негізгі нүкте саналады. Еурокомиссияға ЕО санкциялық тәртібіне тиісті өзгерістер енгізу туралы ресми өтініш жолданды.
Жүргізілген келіссөздер нәтижесінде ЕО-ның 18-ші санкциялық пакеті аясында Қазақстан көмірін транзиттеу үшін белгілі бір ресейлік порттармен мәмілелерге салынған тыйымды алып тастайтын түзетулер қабылданды.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі елдің сауда мүдделерін қорғау, ұлттық экспортты қолдау және негізгі серіктестермен экономикалық байланыстарды дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыратынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігі жүргізушісі құтқарылды
- Бавария 105 гол соғып, өз рекордын жаңартты
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр
- АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты: Бітімгерлік келісім аяқсыз қалды
- Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті
- Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?