Ержан Сәденов ішкі министрі лауазымында қалды
Ержан Сәденов ішкі министрі лауазымында қалды.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды» делінген Ақорда сайтында жарияланған жарлықта.
Ержан Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында дүниеге келген.
1993 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы ШҚО ІІД қылмыстық іздестіру басқармасы ауданаралық жедел іздестіру бөлімінің жедел уәкілі болып бастаған.
1994-1995 жылдары ШҚО ІІД ҚІБ жедел-іздестіру бөлімінің аға жедел уәкілі, 1995-1996 жылдары ШҚО Өскемен қаласы ІІБ жедел-іздестіру бөлімі жанындағы автокөлік ұрлау және айдап әкетуге қарсы күрес бөлімшесінің бастығы, 1996 жылы Өскемен қаласы бойынша МҚКБ қылмыстық іздестіру бөлімі мүліктік және нашақорлық қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы, 1997-1998 жылдары ШҚО ІІБ Серебрянск қаласы бойынша МҚКБ жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу басқармасы іздестіру бөлімі басшының орынбасары қызметтерін атқарды.
1998 жылы ақпан айында ШҚО ІІБ аса қауіпті қылмыстарға қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.
1998-2000 жылдары ШҚО ІІБ аса маңызды істер жөніндегі бөлімнің бастығы, 2000-2004 жылдары ШҚО ІІБ Зайсан ауданы ІІО бастығы, 2004-2006 жылдары ШҚО ҚІІБ Тарбағатай ауданы ІІО басшы, 2006-2008 жылдары ШҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасы бастығы, 2008-2009 жылдары ШҚО ІІД Риддер қаласы ІІО бастығы, 2009 жылы ШҚО ІІД Өскемен қаласы ІІБ бастығы, 2009 жылдан 2013 жылға дейін Маңғыстау облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары, 2013-2015 жылдары — ҚР ІІМ департаменті бастығы болып қызмет етті.
2015 жылы көліктегі ІІД бастығының міндетін атқарушысы лауазымына тағайындалды.
2015-2016 жылдары көліктегі ІІД бастығы, 2016-2019 жылдыры Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы, 2019-2022 жылдары Нұр-Сұлтан полиция департаментінің бастығы, 2022 жылдан 2023 жылға дейін ҚР ішкі істер министрінің орынбасары болды.
2023 жылғы 2 қыркүйекте ҚР президентінің жарлығымен ҚР ішкі істер министрі болып тағайындалған еді.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды