Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі болып тағайындалды

cover Lenta.inform

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Ашықбаев Нығматуллаұлы ҚР АҚШ Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Бұл туралы Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін ол сыртқы істер министрінің орынбасары болған.

Ашықбаев Ержан Нығматуллаұлы 1974 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Өзінің еңбек жолын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің Шығыс бөлімінің Азия, Таяу Шығыс және Африка кеңсесінде көмекші болып бастаған (1998-1999 жж.).

2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар