«Ертіс орманы» басшысы екі айға қамауға алынды

cover антикор

Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының басшысының пара алғанын анықтады. 

«Ол кәсіпкерлерге орманды заңсыз кескені және сатқаны үшін пара алғаны анықталды. 2023 жылғы 26 қаңтарда тергеу сотының санкциясымен резерват басшысы екі ай мерзімге қамауға алынды» делінген Антикор таратқан хабарламада

Сонымен қатар резерваттың бес бухгалтеріне қатысты да сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

Олар 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің, сондай-ақ мекемеде жұмыс істеп жүрген және бұрынғы қызметкерлердің шотына жалақы ретінде ақша аударып,  25 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған. 

Антикор келтірілген материалдық залал ішінара өтелгенін хабарлады. Тергеу жалғасып жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар