Ерлі-зайыптылардың бірігіп істеген қылмыстары әшкере болды

cover Фото: freepik.com

Алматы қаласында есірткімен айналысқан жас отбасылық жұп ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.

ҚР ІІМ-нің мәліметінше, ерлі-зайыпты есірткі заттарын заңсыз дайындаумен және сақтаумен айналысқан. Олар Telegram арқылы арнайы нұсқау бойынша әрекет етіп отырған. Жас жұбайлар дайын өнімді қаптап, оларды сату үшін орамалар жасаған. Үйді тінту кезінде 270-ке жуық доза, сонымен қатар қажетті компоненттер мен құрал-жабдықтар тәркіленді. 

«Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар