Ерлан Қошанов Премьермен жарыса неге Ресейге барды?
Фото: Ашық дереккөзден
Мәжіліс төрағасы журналистің «Шенеуніктер Ресейге неге барғыштай береді? деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Журналистер Ерлан Қошановқа «Наурыздың 5-і күні сіз және Үкімет басшысы Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Мәскеуге бардыңыздар. Біздің қоғамда «Шенеуніктер Ресейге неге барғыштай береді? деген алаңдаушылық бар. Ресейге неге премьермен бір уақытта бардыңыз?» деп сұрақ қойды.
«Бұл әдейі ұйымдастырылған нәрсе емес. Үкіметтер арасындағы өздерінің талқылайтын мәселелері бар. Ал менің барған сапарым - көптен жоспарланған ресми сапар. Сапар барысында Ресей думасының басшысы әріптесім Володинмен және федерация кеңесінің төрайымы Матвиенко ханыммен кездесу болды. Көптеген заң шығару жұмысы бойынша, басқа да мемлекет арасындағы қарым-қатынас мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді. Соның ішінде бірнеше мәселені айтып кетуге болады. Ол – біздің жүргізушілеріміздің, атап айтқанда Ресей мен Беларусь шекарасында, Қазақстан мен Ресей шекарадағы жүк тасу мәселелері. Сонымен қатар, Ресейде әскери оқу орындарында оқып жатқан қазақстандық студенттеріміздің мәселелері қарастырылды», – деді Мәжіліс төрағасы.
Журналистер тағы да «Дума төрағасы Володинмен кездескен кезде депутаттардың Қазақстанға қарсы пікір білдіргенін ескерттіңіз бе?” деп сұрады.
«Иә, бұл тақырыпта да әңгімелестік. Осы тақырып төңірегінде федерация кеңесінің басшысы Валентина Матвиенкомен де сұхбаттасқан едік. Алдағы уақытта біз бұл мәселе бойынша өзара жұмыс істейтін болып келістік», – деді ол.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды