Ерболат Досаев премьер бола ма? Алматы әкімі қызметінен кетеді – дереккөз
Фото: Gov.kz
Алматы әкімі Ерболат Досаев шынымен де қызметінен кетеді. 24 мамыр күні мәслихат оның отставкасын қарап, жаңа әкімнің кандидатурасын мақұлдауы тиіс, деп хабарлайды Orda.kz.
Досаевтың отставкасы туралы ақпаратты Қазақстан үкіметі мен Алматы әкімдігіндегі дереккөздер растады. Алайда оның орнына кімнің келетіні әзірге белгісіз.
Айта кетерлігі, бұл жағдайда республикалық маңызы бар қала әкіміне қатысты тағайындау рәсімі бұзылғанға ұқсайды. 2022 жылғы 8 маусымда Президент Жарлығымен бекітілген ресми тәртіпке сәйкес, алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімін қызметінен босатуы тиіс болатын. Тек содан кейін мәслихат депутаттары жиналып, жаңа әкімді тағайындауға тиіс еді. Алайда бұл жолы мәслихаттың шұғыл отырысы туралы хабарлама Ерболат Досаевтың қызметінен ресми түрде босатылғанына дейін жарияланды. Бұл техникалық қате болуы да мүмкін.
Алдын ала мәлімет бойынша, Ерболат Досаевтың алдағы отставкасы оның жаңа, беделді қызметке ауысуына байланысты болуы мүмкін. Бұған дейін сарапшылар Досаевты премьер-министр лауазымына лайық деп бағалаған, сондықтан оған Үкіметті басқару сеніп тапсырылуы ықтимал.
Тараған нұсқалардың біріне сәйкес, Ерболат Досаев премьер-министр лауазымында Олжас Бектеновтің орнын басуы мүмкін. Ал Бектенов күштік құрылымдарға қайта оралып, бас прокурор қызметіне тағайындалуы мүмкін. Өз кезегінде, қазіргі бас прокурор Берік Асылов Қауіпсіздік кеңесіне ауысады деген болжам бар. Мұндай сценарийдің қисынға келетіндігін Олжас Бектеновтің жақында Алматыға жасаған жұмыс сапары да дәлелдей түседі.
Ерболат Досаевтың иеленуі мүмкін басқа лауазымдарының қатарында Президент әкімшілігінің басшысы (немесе оның орынбасары), сондай-ақ вице-премьер қызметтері аталады. Оның мүлдем қызметсіз қалуы немесе мансабының төмендеуіне қатысты нұсқалар шындыққа жанаса қоймайды.
Шымкенттік журналист Тимур Қазминнің жазуынша, қалада кезекті мәслихат сессиясы 28 мамырдан 11 маусымға ауыстырылған. Осыған байланысты Алматы әкімі ретінде Ғабит Сыздықбеков ұсынылуы мүмкін.


Ерболат Досаевтың отставкасы жөнінде ресми мәлімдеме әлі жасалған жоқ. Алайда мәслихаттың сайтында жаңа әкімді бекітуге байланысты депутаттардың кезектен тыс отырысы өтетіні туралы хабарлама жарияланды. Бұл жиын 24 мамыр, сенбі күні сағат 12:00-де өтетіні ескерілсе, сөз жаңа қала басшысын тағайындау жөнінде болып жатқаны анық.
Жаңалықтар
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты