Ер адам балалар үйіндегі жасөспірімді ұрды: қылмыстық іс қозғалды

cover Фото: Видеодан кадр

Атырауда «Шаңырақ» отбасылық типтегі  балалар үйінде ер адам 15 жастағы баланы бірнеше рет ұрған. Осы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Еске салайық, әлеуметтік желіде ер адамнның баланы бірнеше рет ұрған видеосы тарады. Бұл оқиға «Шаңырақ» отбасылық типтегі  балалар үйінде болған. Ер адам сол мекемеде көлік жүргізушісі болып қызмет атқарады екен.

Оның айтуынша, бала ер адамның намысына тиетін сөздер айтқан көрінеді. Полиция баланы ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Атырау облысының полиция департаменті хабарлады. Полиция тергеу шаралары басталғанын мәлімдеді. 

Өңірдің білім басқармасы бұл оқиғаның 2024 жылдың шілдесінде болғанын айтты. Ер бала бұл жағдайдан кейін, көлік жүргізушімен ойнағанын, өзі кінәлі екенін мойындаған. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар