Енді ұстаздар да жасанды интеллектке көшеді: Қазақстан үкіметі OpenAl компаниясымен меморандумға қол қойды
Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Қазақстан үкіметі OpenAl компаниясымен ортақ келісімге келді. Келісім бойынша Қазақстандағы ұстаздарға ChatGPT Edu атты білім беру мекемелеріне арналған ChatGPT арнайы нұсқасы қол жетімді болады, деп хабарлайды Orda.kz.
Вашингтонда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Қазақтелеком» АҚ, Freedom Holding Corp. және OpenAI, Inc. компаниясы жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы білім беру мен цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
ChatGPT Edu қызметінде деректерді талдау, құжаттарды қысқаша мазмұндау және жеке GPT-ассистенттерін құру функциялары бар. Нәтижесінде мұғалімдердің уақыты үнемделіп, әкімшілік және техникалық жұмыстары жеңілдейді.
Меморандумға сәйкес, ұстаздарға 3 жылда жыл сайын кемінде 165 000 OpenAI лицензиясын беру жоспарланып отыр.
«Бүкіл әлемдегі ұстаздар әкімшілік жүктемені азайтып, уақытын оқыту мен оқушылардың дамуына арнауы үшін жасанды интеллектіні қолданып келеді. Тиісті қолдау көрсетілсе, мұғалімдер мен оқытушылар бұл құралдарды тиімді игеріп, білім беру үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін барынша пайдалана алады. Қазақстан Үкіметімен жасалған келісім жергілікті мұғалімдерге ChatGPT-ді қолдануға және ЖИ-дің артықшылықтарын білім беру жүйесіне енгізуге жағдай жасайды», – дейді OpenAI білім беру және мемлекеттік бағдарламалар GTM бағыты бойынша жетекші Кевин Миллс.
Айта кетейік, Бақытжан Базарбектің әйелі Әдел Әділова Астанадағы үйлерін көрсетіп, бейнеэкскурсия жасады. Алайда қазақстандықтар оған сенбеді.
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды