Енді мектеп асханасына қымбат тауар алынбайды

cover

Алматыда әкімдік пен «Антикордың» бірлескен жұмысы нәтижесінде мектеп асханаларына жоғары бағамен мемлекеттік сатып алу тоқтатылды.

Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданында тұрғындармен кездесу барысында мектеп асханаларына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу мәселесіне қатысты сауалға жауап бере отырып, қалалық әкімдік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бірлесіп, бюджет қаражатының жұмсалуының алдын алғанын айтты. 

«Бұл тергеу нәтижесінде емес, әкімдік пен «Антикор» мекемесінің профилактикалық іс-шаралар аясында бірлескен жұмысының арқасында анықталды. Тексеруден кейін 20 мектепке құрал-жабдық сатып алу тоқтатылды», - деп әкім республика бойынша осындай тексерулер жүргізілгенін атап өтті.

Бюджетке 1,9 млрд теңге қаражат қайтарылды. Өткен жылға талдау жүргізілуде, бірақ асыра бағалау фактілері жоқ.

Сонымен қатар, Досаев атап өткендей, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу саласында ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар объектілер үшін сапасының сәйкессіздігі мәселесі өзекті болып қалуда.

«Өкінішке қарай, қазіргі мемлекеттік сатып алу жүйесі жосықсыз жеткізушілерге қатысуға мүмкіндік береді. «Баға мен сапа» ережесі әрқашан сақтала бермейді, яғни арзан нәрсе әрқашан сапалы бола бермейді. Мен қарсымын. 2025 жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік сатып алулар туралы жаңа заң күшіне енеді, жеткізушілер мен олардың өнімдері сапа жағынан сәйкес келеді деп күтеміз. Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың да жауапкершілігі артады», - деді Досаев.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар