Енді көліктен басын шығарған жолаушылар айыппұл арқалайды
Фото: freepik.com
Қазақстанда көліктен басын шығарған жолаушыларға 393 мың теңге айыппұл салынады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, әкімшілік кодекске өзгеріс енгізілген.
«Бізде кейбір кезде жастар көліктен басын шығаратын қауіпті жағдай болып жатады. Осы бойынша да әкімшілік кодекске және заңдарға өзгерістер енгізілді. Бұл норма ең алдымен жолаушыларды тасымалдау кезінде өмірі мен денсаулық қауіпсіздігіне бағытталған», - деді ол.
Қайсар Сұлтанбаев мектеп бітіру кештерінде, үйлену тойлары кезінде көптеген адамдар өз өмірін қатерге тігетінін айтты.
Жаңа заң бойынша жүріп бара жатқан көліктің терезесінен басын шығарғаны үшін азаматтарға 10 АЕК (393 200 теңге, 1 АЕК – 3 932 теңге) айыппұл салынады.
Айта кетейік, Қырғызстанда автокөлік салығы толығымен жойылды. Қырғызстан президенті тиісті жарлыққа қол қойды.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?