Енді көлік жүргізушілері айыппұл төлеумен қатар емтиханды қайта тапсыруы мүмкін

cover Фото: freepik.com

Сенатор көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұлдар бойынша жеңілдікті алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.

Сенатор Марат Қожаев айыппұлдар туралы сөз қозғады. Оның пікірінше, елде жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын және айыппұлдарды жеңілдікпен төлейтін мыңдаған жүргізушілер бар екен.  Қожаев мұндай жүргізушілерге толық көлемде айыппұл салынуы керек деп есептейді. Сонымен қатар сенатор бір жылда 10-нан астам жол ережесін бұзған адамды емтихандарды қайта тапсыруға жіберуді ұсынды.

«Жүргізуші куәлігінен уақытша айыруға дейін камералармен тіркелген жол қозғалысы ережесін қайталап бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту қажет. Заң талабын бұзушыларға белгілі бір кезеңдегі тәртіп бұзу санын ескеретін сараланған жаза тетігін әзірлеу және ережені жүйелі түрде бұзушыларға айыппұл төлеуде 50% жеңілдікті алып тастау маңызды», - деді депутат.

Марат Қожаев беделді брендтегі автомобильдердің жүргізушілері төтенше жағдайлар тудырып, жолдарда қауіпті маневр жасап, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзатынын айтты. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар