Енді қазақстандықтар өз-өздеріне шектеу қоя алады

cover Фото: Ашық дереккөзден

Мәдина Әбілқасымованың мәлімдеуінше несие алудан ерікті түрде бас тарту 6 айға дейін созылуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

«Мәселе несие алудан өз еркімен бас тартуға қатысты, енді ол алты айға белгіленетін болады. Бұл бір жаңа дүние болғандықтан, қалыптасқан тәжірибені ескере отырып, біз мұндай несиелерді беруге біржола тыйым салуды қарастыра аламыз», - деді Әбілқасымова сәрсенбі күні мәжіліс алаңында.

Айта кетейік, осы күнге дейін қазақстандықтарға  eGov.kz порталында несие немесе шағын несие алуға өз-өздеріне тыйым сала алатын онлайн сервис іске қосылды. Тыйымы алты айға белгіленді және уақыты келгенде өз-өзінен жойылады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар