Енді Google Street View қолданбасында қазақ қалаларының панорамаларын тамашалауға болады
Фото: Google
26 наурызда Google Қазақстанда қала көшелерінің панорамаларын онлайн режимде көруге мүмкіндік беретін Street View қызметін іске қосты.
«Бүгіннен бастап сіз Орталық Азия елі Қазақстанды Street View арқылы тамашалай аласыз – қар басқан тау шыңдарынан Каспий теңізіне және Астананың футуристік зәулім ғимараттарына дейін» дейді Google ресми блогында.
Компания Қазақстанда Street View сервисінің пайда болуы туристерге Қазақстанның бай мәдениетімен және сәулетімен танысуға мүмкіндік беретінін және ел тұрғындарына күнделікті мәселелерді шешуге көмектесетінін атап өтті: мысалы, ең қолайлы автотұрақ орнын алдын ала таңдау.
Google панорамаларды құрастырған суреттерді түсіру үшін компания қазақ қалалары көшелерімен 42 мың шақырым жүрген арнайы көліктерді пайдаланды. Енді пайдаланушылар Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды және басқа да облыс орталықтары көшелері мен көрікті жерлерінің фотосуреттеріне қол жеткізе алады. Бұл қызмет шағын елді мекендер үшін де жұмыс істейді.
Көше көрінісін ашу үшін компьютерде немесе телефонда Google Maps қолданбасын ашып, панорамалық көріністі қосу керек немесе төменгі оң жақ бұрыштағы сары адам белгішесін басып, оны картадағы қажетті орынға апару керек.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды