«Емтиханнан босату үшін»: Ақтөбеде колледж директоры студенттерден ақша жинаған
Фото: freepik.com
Ақтөбе қаласының №2 соты «ALT Ақтөбе» гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Гүлбану Тәкішеваны коммерциялық пара алғаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, 50 жастағы директор 2023 жылы орынбасарына 2024 жылғы түлектерден белгілі бір ақша жинауды тапсырған. Студенттер өндірістік практиканы аяқтағаны туралы белгі үшін 10 мың теңге, сессиядан өткені үшін 5 мың теңге, ал мемлекеттік емтихандарды қиындықсыз тапсыру үшін 20 мың теңге төлеуі керек болған.
Тапсырма топ кураторларына жеткізіліп, нәтижесінде 108 студенттен 500 мың теңге жиналған. Бұл қаражат директордың орынбасары арқылы Тәкішеваның қолына берілген. Кейін ол тағы 1 миллион 90 мың теңге алған кезде ұсталды.
Сотта Тәкішева өз кінәсін мойындамады. Алайда студенттер емтихан тапсырмай, ақша бергендерін растады.
Ақтөбе қаласының №2 соты колледждің бұрынғы директорын пара алғаны үшін кінәлі деп танып, оны 2,5 жылға бас бостандығынан айырды.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды