Еліміздің Білім министрлігіне қатысты тағы 10 іс cотқа жіберілді
Фото: gov.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарсы тағы 10 іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
«Төтенше жағдайға тап болған өңірлерге бөлінген квотаға байланысты түлектердің көпшілігі басым мамандықтар бойынша лайықты грантын ала алмады, сондықтан кеше және бүгін ғылым министрлігіне қарсы 10 жаңа талап-арыз сотқа берілді», - дейді адвокат Халида Әжіғұлова.
Заңгер өзіне заң көмегіне жүгінген талапкерлердің барлығы дерлік оқу жылының басталуына бірнеше күн қалғанда министрлік бөлуді ұйғарған қосымша білім гранттарын алғаны туралы қуанышымен бөлісті.
«Ғылым министрлігі мемлекеттік білім гранттарын бөлу кезінде «төтенше жағдайға тап болған аймақтарға» квотаны қолданудағы қателігін әлі де мойындамайды. Ғылым министрлігінің әрекетін неге қате деп санаймыз? Өйткені білім гранттарын бөлудің кез келген квотасын тек парламент қабылдап, президент қол қоюы тиіс заң талаптары негізінде ғана бекітіледі», - дейді заңгер.
Оның айтуынша, министрлік мемлекеттік білім гранттарын бөлу кезінде «төтенше жағдайдағы аймақтарға» квота қолданған нормативтік құқықтық актіні нақты көрсетпеген.
Естеріңізге сала кетейік, министрлік су тасқыны кезінде зардап шеккендерге квота бойынша грант бөлу туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл ретте жоғары балл жинаған балалар төмен балл жинағандармен салыстырмалы түрде грантқа ие бола алмады. Мұндай әділетсіздікке наразы болғандар саны артып, ренжіп, арыздануда.
Алматылық талапкер Медина Майсар Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа берді. Ол бұған дейін президентке ашық үндеу жасап, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қызметінен босатуды сұраған болатын.
Жаңалықтар
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты