Елімізде Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз тойланып жатыр
Фото: gov.kz
Қазақстандықтар Наурыз мерекесін тойлауды бастады, деп хабарлайды Orda.kz
Бұл мереке оянуды, табиғаттың жаңаруын және Жаңа жылдың басталуын білдіреді. Наурыз мейрамының мәні – адам мен табиғаттың бірлігі. Наурыз мейрамы көктемгі күн мен түннің теңелуі, күн мен түннің ұзақтығының теңелетін уақытта тойланады. Осы күннен бастап күн ұзарып, түн қысқарады.
Биыл аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін Наурыз мерекесі – 21 наурыздан 25 наурызға дейін. Ресми түрде Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында үш күн тойланса, биыл 23-і сенбіге сәйкес келеді.
Астанада 200-ге жуық іс-шара өтеді. 21-22 наурызда сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін елорданың орталық алаңында, «Қазақ елі» және «Бәйтерек» монументтерінің жанында, саябақ және ЭКСПО алаңында елордада қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен негізгі мерекелік концерттер өтеді деп жоспарлануда. Сонымен қатар, қаланың 5 ауданында 30-дан астам мерекелік концерт өтеді.
«Қоғамдық орындарда этноауылдар орналастырылады, онда фуд-корттар, жәрмеңкелер жұмыс істейді, шеберлік сабақтары өтеді, дәстүрлі рәсімдер көрсетіледі. Бұл ретте ұлттық спорт түрлерінен спорттық іс-шаралар жоспарланған, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады» деп хабарлады елорда әкімдігі.
Алматыда 14-23 наурыз аралығында 500-ден астам түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Негізгі шаралардың бірі – «Көш. Наурыз-Думан» 21 наурызда өтеді. Ат спорты мен ұлттық киімдер шеруіне 500-ге жуық адам қатысты. Эстрада жұлдыздарының қатысуымен негізгі концерттер 21 наурызда Астана алаңында және Республика сарайының алдындағы алаңда, сондай-ақ қала аудандарындағы барлық негізгі орындарда ұйымдастырылды.
Сондай-ақ 21-22 наурызда Астана алаңында сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін, сонымен қатар, 21-23 наурыз аралығында Арбатта (Панфилов к-сі – Жібек жолы) ойын-сауық және танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады.
Жаңалықтар
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты