Елімізде мемлекеттік қызметтердің 90% астамы электронды форматта
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Almaty 2021» форумына қатысушыларға арнаған бейнеүндеуінде айтты, деп хабарлайды ORDA.
Бүгінде адам өміріндегі ақпараттық технологиялардың маңызы күн санап үстемдікке ие болуда. Карантин уақытында 6,5 миллионға жуық қазақстандық цифрлық жүйелердің арқасында мемлекеттік көмек алған.
Қазақстанда жасанды интеллекттің ұлттық кластері құрылуда. Мәліметтерді тиімді игеру үшін Ақпарат өңдеу орталықтары құрылып жатыр. Алдағы бес жылда бұл салаға 500 миллиард теңге тарту бөлінбекші. Сонымен қатар, осы жылы салық саласында блокчейн жүйесі енгізілмек. Бастаманы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет жетекшілері де талқылады.
«Әрбір форум қарсаңында біз ақпараттық технологиялар жобаларын ұсынамыз. Бүгін 6 жоба таныстырылды. Олар білім саласында, денсаулық сақтау саласында және мобильдік үкімет платформасында. Біз өткен жылда осы салалар қалай дамыды, қандай жаңалықтар болды? Соның бәрін ұсындық. Тағы да 13 панельдік сессия өткізіледі. Олар осы жаңа мен айтып кеткен тақырыптарды кеңірек аша түседі», - дейді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Әнуар Ахметжанов.
Сонымен қатар форум аясында Беларусь премьері Роман Головченко Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге «Ақылды қала» біріккен жобасын құруды ұсынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық