Елімізде магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу басталды
Елімізде 2 желтоқсаннан магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу басталды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы. Емтихан 8 желтоқсанға дейін жалғасады.
«Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге 8 мыңнан астам өтініш берілді. Өтініштердің ең көп саны «Педагогика ғылымдары», «Техника, өндірістік және құрылыс өнеркәсібі» және «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» мамандықтары бойынша келіп түсті» делінген хабарламада.
Өту балы өзгеріссіз қалды: ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураға түсу үшін – 75 балл, бейіндік бағыт үшін – 50 балл. Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда, үміткерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде онлайн апелляцияға бере алады.
Магистратураға түсушілер 3800 мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Оның ішінде 1758 грант «Техника, өндіріс және құрылыс» білім беру бағдарламасына, 569 грант «Жаратылыстану-математика және статистика» бағытына, 469 грант «Педагогика ғылымдары» мамандығына бөлінген.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?