Елімізде барлық мопед жүргізушісі мемлекеттік тіркеуден өтуге міндеттелді

cover Фото: freepik.com

Еліміздегі барлық мопед жүргізушісі мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Сенат мопедтерге қатысты жаңа заңды мақұлдады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Енді қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден аспайтын не электр қозғалтқышы бар және шекті жобалық жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспайтын мопедтер тіркелетін болады.

Құжатқа сәйкес, мопедті басқару құқығы «А1» кіші санатындағы жүргізуші куәлігімен расталады, ал «А» және «В» санаттары бар азаматтар да мопед басқаруға құқылы екені айтылды. 

Сонымен қатар көлік құралдарына техникалық байқау жүргізетін ұйымдарға қойылатын талаптар да қайта қаралды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар