Елімізде 2026 жылы зейнетақы қалай өзгереді
Фото: Айқын
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы төлемдерінің мөлшері өседі. Оның егжей-тегжейі туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстанда зейнетақы үш құрамнан: ынтымақты, базалық және жинақтаушы бөліктерден құралады.
«Жасына байланысты зейнетақы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтілі бар адамдарға тағайындалады. Базалық зейнетақы зейнетақы жасына жеткен барлық адамдарға төленедi, оның мөлшерi зейнетақы жүйесiне қатысу өтіліне байланысты және ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70-тен 110 пайызына дейiн болады. Жинақтаушы зейнетақы жинақтау көлемі мен міндетті зейнетақы жарналарына төленген табысқа байланысты», деп мәлімдеді министрлік.
Еңбек министрлігінде еске салып өткендей, Әлеуметтік кодекстің 197-бабына сәйкес, жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері жыл сайын тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мөлшерге айық аздап өсіп отырады.
Әлеуметтік кодекстің 197-бабына сәйкес, жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері жыл сайын тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мөлшермен белгіленеді.
«2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын мөлшерден 10 пайызға арттыру жоспарлануда. Базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты ұлғайтылады», деп хабарлады Еңбек министрлігі.
Сондай-ақ, министрлік Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) зейнетақы төлемдері жыл сайын 5 пайызға индекстелетінін еске салды. Өсім еліміздің барлық зейнеткерлеріне қатысты.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша базалық зейнетақыны кезең-кезеңмен ұлғайту жалғасуда.
«2023 жылдан бастап бес жыл ішінде базалық зейнетақы мөлшері жыл сайын артады: ең төменгі базалық зейнетақы - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ең жоғарғы зейнетақы - 120 пайызға дейін. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақының ең жоғарғы мөлшерін 110 пайыздан 118 пайызға дейін (ең төменгі күнкөріс деңгейінен) арттыру жоспарлануда», деп нақтылады министрлік.
Еске салсақ, зейнетақы артықшылығын пайдаланып тісті емдеуге өтініш қабылдау 15 қыркүйектен бастап тоқтады.
Жаңалықтар
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды