Елдегі маркетплейстерді сауда нысандарымен теңестірмек

cover

Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов 2025 жылдың 14 наурызында тұтынушылар құқықтарын қорғау үшін маркетплейстер сауда нысандарымен теңестірілетінін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

 

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: бизнес, мемлекет және қоғам диалогы» форумында спикер атап өткендей заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр.

«Электрондық коммерция саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау күшейтілетін болады, бірақ электронды коммерцияда біз сатушыны тікелей көрмейміз және онымен кейбір мәселелерді шеше алмаймыз», - деп түсіндірді Серік Құсайынов.


Комитет басшысының орынбасары электронды сауда алаңдары сауда нысандарына теңестіріліп, тұтынушылардың сатушылар тарапынан бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шаралары қолға алынатынын атап өтті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар