Дзюдодан бірнеше дүркін чемпион қар көшкіні астында қалып мерт болды

cover Фото: freepik.com

Түркияда қар көшкіні астында қалған спортшы қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz

Қайғылы оқиға Түркияның Эрзурум провинциясындағы Паландөкен тау шаңғысы курортында болған. Курортта қар көшкіні болып, бір адам қайтыс болды. Апат болған кезде дзюдодан Түркия жастары ұлттық командасының мүшелері тау басына шығып бара жатқан.

Қар астында қалған спортшылардың бірі дзюдодан Түркияның бірнеше дүркін чемпионы 16 жастағы Еміре Язған оқиға орнында көз жұмды. 

Оқиға орнында тағы 3 адам болған. Құтқарушылар оларды қар астынан шығарып, ауруханаға жеткізді. Мамандар олардың жағдайлары жақсы екенін, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтты.

«Біздің ауруханаға қар көшкінінен жарақат алған 3 адам жеткізілді. Олардың бәрі қатты суықтан тоңып қалған. Ал бір жері сынған немесе қатты жарақат алған адам жоқ. Тек бір адамның тістері сынған. Оны тіс дәрігерлеріміз емдеп жатыр», - деді Эрзурум қалалық ауруханасының бас дәрігері Ибрахим Хаккы. 

Оқыс оқиғаға қатысты іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар