Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

cover Фото: Instagram/ joebiden

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден қуықасты безінің қатерлі ісігіне шалдыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл ақпаратты Байденнің кеңсесі растады. Диагноз 16 мамырда, жұма күні, дәрігерлер тексеріс кезінде қуықасты безінен шағын түйін тапқаннан кейін қойылған. Кейін бұл түйін сүйекке метастаз берген қатерлі ісік екені анықталды.

«Бұл – обырдың агрессивті түрі болғанымен, ол гормондарға сезімтал. Бұл ауруды тиімді емдеуге мүмкіндік береді», – деді Байденнің баспасөз хатшысы.

Джо Байден мен оның отбасы емдеу әдістерін дәрігерлермен бірлесе талқылап жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде Байденге тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп экс-президент Джо Байденнің әкімшілігінде жұмыс істеген жоғары лауазымды тұлғалар мен оның отбасы мүшелеріне құпия ақпаратқа қол жеткізуге тыйым салған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар