Джей Ло Алматыдағы «шегіртке шабуылын» еске алды
Коолаж: Orda.kz
Әйгілі әнші Дженнифер Лопес Алматыдағы концерті кезінде мойнына шегіртке қонған сәтті The Tonight Show Starring Jimmy Fallon бағдарламасында еске алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бағдарлама барысында Джей Ло жүргізушімен бірге сол сәттің бейнежазбасын көрді. Әншінің айтуынша, бастапқыда ол өзіне жәндік қонғанын байқамаған, тек сахна жарығына үймелеп жүрген майда жәндіктердің бірі шығар деп ойлаған.
«Бір нәрсе тигендей болды, бастапқыда жай ғана ұсақ жәндік болар деп ойладым. Бірақ ол мойныммен өрмелеп бара жатқанда оның аяқтарын анық сездім. Кішкентай аяқтарымен қытықтап жатқандай болды. Не болса да әнді соңына дейін орындауым керек деп өзімді ұстап тұрдым. Ал оны сілкіп тастаған кезде оның кәдімгідей үлкен шегіртке екенін көріп, шошып кеттім. Тікұшақтай көрінді!» — деді Джей Ло әзілдеп.
Айта кетейік, Дженнифер Лопестің концерті тамыз айында Астана мен Алматыда өткен ең ірі мәдени шаралардың бірі болды.
Жаңалықтар
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты