Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні
4 ақпанда Қазақстанда және бүкіл әлемде Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні атап өтіледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі атап өткендей, Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады.
«2023 жылы 218 мың қазақстандық онкологиялық ауруларымен есепке тіркелді, 12 мыңнан астам адам қатерлі ісіктен қайтыс болды. Қазақстанда жиі кездесетін қатерлі ісік түрлері: сүт безі қатерлі ісігі, тоқ ішек обыры, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры» деді баспасөз қызметі.
Басқарманың хабарлауынша, Қазақстанда онкологиялық ауруларды емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін жүргізіледі.
Онкологиялық немесе гематологиялық ауруға күдік туындаған жағдайда емдеу мекемелерінде пациенттерге 18 жұмыс күні ішінде консультациялар мен тексерулер алуға мүмкіндік беретін «Жасыл дәліз» жұмыс істейді.
Денсаулық сақтау министрлігі еске салғандай, ел азаматтары емханаларда онкологиялық скринингтің үш түрінен өте алады:
1. Сүт безі қатерлі ісігінің скринингі (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 2 жылда бір рет)
2. Жатыр мойны обырына скрининг (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 4 жылда 1 рет)
3. Тоқ ішек обырына скрининг (50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер, 2 жылда бір рет).
Сонымен қатар, 2024 жылы Қазақстанда жатыр мойны обырының дамуын тудыратын папиллома вирусына қарсы ерікті екпе жүргізіледі. 11 жастағы қыздар бұл вирусқа қарсы тегін екпе ала алады.
Жаңалықтар
- Куба президенті Трампқа қатаң жауап қатты
- Тапқан пайдасы мемлекетке қайтарылды: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған түркістандық сотталды
- Жанабыловтардың адвокаты прокурорды заңды бұрмалады және БАҚ арқылы қысым көрсетті деп айыптады
- Бектенов жаңа Конституцияны жаппай таралыммен шығарып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді
- Иран Лариджанидің өлімін растады, Израильге түнімен соққы жасалды — Таяу Шығыстағы жағдай
- Келінін құрыққа түсірген: Әзербайжанда президент отбасын бопсалаған адам ұсталды
- Заңсыз табыс — 128 млн теңге: Зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша берген микроқаржы ұйымы тергеліп жатыр
- Еркебұлан Тоқтарға шүйліккен өзбек файтері сотталды
- Ресейдің жағдайы жақсармай, көзіміз ашылмайды: Шаруалар 7000 тонна пияз өнімін 30 теңгеден де өткізе алмай отыр
- Иран соғысында қол ұшын бермеген еуропалықтарға Трамптың өкпесі қара қазандай
- Атырауда бір отбасын түгелдей қырып салған күдіктіге тағы екі бап бойынша айып тағылды
- Алматыда оқушы өзіне қол салып, қылмыстық іс қозғалды
- Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, бір адам комада жатыр
- ИРНА: Иран зымырандары Израильдің орталық аймақтарына жетті
- Наурызда өтетін матчтарға қатысатын футболшылардың тізімі белгілі болды
- Бүкіл ел бойынша дауылды ескерту
- Франция президенті Эммануэль Макрон Тоқаевқа бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты
- Қырғызстанда Тәшиевтің ұлы полицияға жеткізілді
- Пәкістан премьер-министрі: Референдум мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды
- Парамен сотталған Хаменованың түрме жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды