Дубайдағы жаппай төбелес: сегіз өзбекстандық өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Фото: Pixabay
БАӘ соты Өзбекстанның сегіз азаматын өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Тағы бір айыпталушы 25 жылға түрмеге қамалды. Бұл ақпаратты Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Orda.kz.
Жаппай төбелес 2025 жылдың сәуір айында Дубайдағы жанармай құю бекеттерінің бірінде болған. Жергілікті полицияның мәліметінше, қақтығыс салдарынан Өзбекстанның екі азаматы қаза тапқан: біреуі пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмса, екіншісі ауруханада комадан шықпай қайтыс болған.
Тергеу деректеріне сәйкес, төбелес бұрыннан бір-бірін танитын екі топ арасында болған. Қақтығыстың себебі — бұрыннан келе жатқан жеке бас жанжалы. Барлық қатысушылар бейнебақылау камераларының жазбалары мен куәгерлердің айғақтары арқылы анықталып, кейін басқа эмираттағы қонақ үйлердің бірінде ұсталған.
Бұл іс бойынша барлығы Өзбекстанның 15 азаматы қамауға алынды. Осы деректерді нақтылау үшін Өзбекстан дипломаттары Дубай қылмыстық іздестіру басқармасының басшылығымен кездесу өткізген. Сол кезде басқарма өкілдері: «Соңғы уақытта Өзбекстан азаматтары тарапынан заң бұзу жағдайларының көбеюі екі ел арасындағы визасыз режимге әсер етуі мүмкін», деп атап өткен.
«Қазіргі таңда тиісті органдар мен біздің дипломатиялық өкілдіктер жағдайды толық зерделеп, азаматтарымыздың құқықтарын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр», — деп мәлімдеді СІМ өкілдері.
Еске салайық, 2025 жылдың наурыз айында раввин Цви Коганды өлтірді деген айып тағылған Өзбекстанның үш азаматы өлім жазасына кесілген болатын. Осы резонансты қылмыстан кейін Абу-Даби билігі Өзбекстанның көптеген ер азаматтарына елге кіруге тыйым салды, деп жазады gazeta.uz. Кейбір жолаушылар елге келген сәтте ұсталып, қайтадан отандарына жіберілген.
Оқи отырыңыз:
- Иран аспаны қауіпті: Air Astana мен FlyArystan Дубай мен Мысыр бағыттарын өзгертті
- Құжат бойынша Шымкент Дубай сияқты: Мемлекеттік сатып алудың цифрлық жүйесі қалай күйреді?
- Дубай шоколадының контрабандасы енді Еуропаны шулатып жатыр
Жаңалықтар
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр