«Досаевтың кезінде де болған»: Алматыда бюджет ақшасына алған қыштарды неге жеке үйге тасыды?
Фото: Pixabay
Қоғам белсендісі Санжар Боқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыдағы бюджет ақшасына алынған құрылыс материалдарының қолды болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
27 тамыз күні таңертең 12 ай аллеясында Боқаев бюджет ақшасына сатып алынған жаңа қыштарды алып, жүк көлігіне салып жатқан жұмысшыларды байқап, оларды аңдыды. Олар Жандосов ауылына дейін жетіп, жеке үйдің жанындағы тастардың қасына қыштарды түсіре бастады.
Кейін белсенді полиция шақырып, тергеу тобын іске қосуды талап етті.
«Қыштар өте жақсы жағдайда. Ауыстырудың керегі жоқ. Олар оны алып тастап, орнына сәл басқаша тас төсемдер төсейді. Ал ескісін сатып жібереді. Ақша игеріледі, материал кетеді», – деді Боқаев.
Уәлиханов көшесіндегі аумақты абаттандыруға бюджеттен 490 миллион теңге жұмсалды. Қаланың екі жүзден астам көшесіне әлі күнге дейін асфальт төселмей тұрғанда бұл ақша босқа кетіп жатыр.
Боқаевтың мәліметінше, жүк көліктерінің бірі оқиғадан кейін қышты түсіруден бас тартып, Алматыдағы әкімдік базасына қайтарған. Белсендінің пікірінше, бұл материалдың талан-таражға түскенінің дәлелі.
Сонымен қатар, Боқаев жүк түсіріліп жатқан көшенің жанында тұратын алматылық әйелмен сөйлесті.
«Мен олардан не үшін алып бара жатқанын сұрадым. Тым болмаса біздің аулаға алып келе салса болады ғой», – деді әйел.
Белсендінің айтуынша, мұндай схема бұрынғы әкім Ерболат Досаевтың кезінде де болған және бұл істі ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсыратынын айтты.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды