Досаев Алматыдағы лай көшкінінен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

cover

Ерболат Досаев лай көшкіні салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына  көңіл айтты және оларды жерлеуді ұйымдастыруға көмектесуді тапсырды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

«Құтқару қызметі Медеу ауданындағы қираған  үйде тұрған  отбасы мүшелерін іздеуді аяқтады. Қайғылы оқиға 4 адамның өмірін қиды. Мен қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақпын. Оларға шын жүректен  қатты қайғырып, көңіл айтамын», - деді Ерболат Досаев. 

Еске салайық, бұған дейін техногендік сипаттағы лай көшкіні салдарынан қираған үй астынан 1984 жылғы ер адамның, 1980 жылғы әйелдің және 2007 жылғы егіз жасөспірімдердің мәйіті табылған еді

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар