Доллар құны күн санап құлдырауда

cover

Доллар құны теңгеге қатысты құлдырауы жалғасып жатыр. Бұл туралы Orda.kz KASE биржасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Таңғы сессия қорытындысы бойынша сауда-саттықта доллардың орташа бағамы 1,21 теңгеге төмендеп, 426,37 теңгені құрады. Айта кетейік, 25 мамырдағы доллардың ресми бағамы 427,58 теңгені құрайды.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматы қаласы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 427,43 теңгеден сатады, 425,88 теңгеден сатып алады. Нұр-Сұлтан қаласында сатудың орташа бағамы - 427,11, сатып алу - 426,04 теңге.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар