«Диплом қорғатқызбады»: Алматыда бір студентті қылмыскер секілді күштеп әскерге әкетті
Фото: Pexels
Алматы облысы Іле ауданында студентті күштеп әкеткен әскери бөлімнің қызметкерлеріне ата-аналар наразы болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы облысы Іле ауданының Өтеген Батыр кентінде аудандық қорғаныс істері басқармасы қызметкерлерінің қатігез әрекеттеріне қатысты дау шықты.
Ата-аналардың айтуынша, олардың балаларын күштеп, заңсыз әкеткен.
Бүгін таңғы сағат 9 шамасында оның ұлы «Прогресс» колледжіне диплом жұмысын қорғауға бара жатқан. Алайда оқу орнына жетпей, колледждің кіреберісінде оны тоқтатып, күшпен көлікке отырғызған.
«Оған колледжге кіріп үлгеруге мүмкіндік бермеді. Қасында болған 70 жастағы анамды иығымен итеріп жіберді. Ол қатты күйзеліске түсті. Ұлымды қылмыскердей әкетті. Дөрекі сөйлеп, қорқытты. Оны әскери бөлімге жеткізіп, бес сағаттай ұстады. Дипломын қорғауға да мүмкіндік бермеді», — дейді анасы.
Әйелдің айтуынша, ұлының денсаулығына байланысты ресми түрде әскери қызметтен босатылғаны жөнінде құжаты бар. Ол мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ деп отыр.
«Бұл не сұмдық? Елде әскери жағдай жарияланды ма? Балаларға неге оқуын аяқтап, дипломын алуға мүмкіндік бермейді? Бұл үшін кім жауап береді? Біз бұл бассыздықты тоқтатуды талап етеміз!» — деп ашынды студенттің анасы.
Жігітті Іле аудандық Қорғаныс істері басқармасының қызметкерлері ұстаған. Содан оны Титова көшесі, 30а мекенжайындағы әскери бөлімге апарған. Айта кетейік, студенттер 30 маусымға дейін студент мәртебесін сақтап, оқу орнында болуға толық құқылы.
Ата-аналар мен қоғам өкілдері Қорғаныс министрлігі мен жергілікті биліктен түсініктеме талап етіп жатыр.
Еске сала кетсек, өткен жылы қазанның 8-і күні Қарулы Күштер Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары басқармасының бастығы Фархат Айдарбеков елімізде әскерге шақырылғандарды көшеде ұстап алу фактілерін растаған еді. Бұған дейін тілшіміз Түркістанда әскерилер өз еркінен тыс күштеп әскерге алып кеткен Бехруз Равшанбеков туралы жазған болатын. Ол әскери комиссариатта қорлық көріп келген. Соңында 27 сәуір күні қысымға шыдамаған Бехруз 2-қабаттан секіріп кеткен. Адвокаттың айтуынша бұл әскери міндеттен жалтару емес, амалсыздықтан өзіне-өзі қол салу. Толығырақ тілшіміздің материалынан оқыңыз.
Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі