Дінмұхамед Қонаевтың туған қарындасы қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден
Қазақ КСР Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы, белгілі қазақстандық ғалым-биолог Раузa Қонаева 92 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Раузa Қонаеваның қайтыс болғаны туралы Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қор хабарлады. Раузa Қонаева 1934 жылғы 10 сәуірде Алматы облысы Шелек ауылында дүниеге келген. Отбасындағы 11-баланың кенжесі болған.
1952 жылы ол Мәскеу мемлекеттік университетінің биология-топырақтану факультетіне оқуға түсіп, 1956 жылы тәмамдады. Ғұмырының басым бөлігін Қазақстан Ғылым академиясында өткізді. Алдымен биохимия институтында, кейін молекулалық биология және биохимия институтында еңбек етті.
Қор мәліметінше, оның ғылыми еңбектері Қазақстаннан тыс елдерге де кеңінен танылған. Раузa Қонаева белгілі құқықтанушы Мұрат Баймахановтың жары болды. Олардың қызы Дана Баймаханова — заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры.
Айта кетейік, бүгін, 16 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш бас муфтиі Рәтбек қажы бақилық болды.
Жаңалықтар
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?