Димаш Құдайберген «Халықтың сүйіктісі» сыйлығын төртінші рет жеңіп алды

cover Фото: instagram/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген «Халықтың сүйіктісі-2024» сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды Orda.kz.

16 қаңтарда Астанада «Халықтың сүйіктісі-2024» ұлттық сыйлығының марапаттары салтанатты түрде табысталды. Елдің ең танымал сыйлығы 14-ші рет әр түрлі саладағы халықтың сүйікті қайраткерлерін таңдады.

Атақты орындаушы бұл беделді марапатты төртінші рет жеңіп алды.

Еске сала кетсек, Orda.kz Димаш Құдайбергеннің Distinctive International Arab Festivals Awards (DIAFA) атты халықаралық сыйлығымен марапатталғанын жазған болатын. Бұл сыйлығын ол әнші Бибігүл Төлегеноваға арнады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар