Димаш Құдайберген «Славян базары» фестивалінің жеңімпазын құттықтады

cover

Әнші Димаш Құдайберген Витебскідегі «Славян базары» фестивалінің жеңімпазы Рухия Байдүкенованы құттықтады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Ол өзінің үндеуін Instagram парақшасында жариялады. Әншінің айтуынша Рухия Байдүкенова халқымыздың мәртебесін көтерген. Сондай-ақ, Димаш Құдайберген жас әншінің болашағынан көп үміт күттіретінін де жеткізді.

– Жарадың алтын қарындасым!!! Жеңісті күндерің көп болғай! Алла қаласа сен үлкен жұлдыз боласың! Бүгін сен «Славян базары» халқыңның мәртебесін асқақтаттың, әділқазы мүшесі болып отырған менің де мерейімды үстем еттің. Нағыз шынайы өнерге қызмет етіп бәрімізді осылай қуантып алға баса бер!!!

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар