Димаш Будапешттегі беделді байқаудың қазылар алқасы құрамына кірді

cover Фото: dimashnews

Димаш Құдайберген Будапештегі беделді байқаудың қазылар алқасы құрамына кірді, деп хабарлайды Orda.kz.

Димаш Құдайберген «Virtuosos» жобасына екінші рет қатысады. Биыл ол 10-шы мерейтойлық маусымға қатысушыларды бағалайтын болады. 

«Былтырғы жобаның финалында Димаш ХХ ғасырдың ең мықты дауысы маэстро Пласидо Домингомен дуэт орындады. Екеуі Жорж Бизенің «Інжу жинаушылар» операсындағы Надир мен Зурганың «Au Fond du Temple Saint» дуэтін бірге айтты» деп жазылған Димаштың жаңалық порталында

Virtuosos-үлкен теледидар аудиториясы үшін классикалық музыка әлемін ашатын жас таланттардың бірегей байқауы. Бағдарламаға Венгрия, Австрия, Словения, Сербия және Черногориядан төрт музыкант қатысады. Сайыстың ең жоғары деңгейі әлемге әйгілі музыка саласы мамандарының жоғары қазылар алқасының құрамы арқылы мақұлданады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар