Дикий Арманның жабық сотының видеосы желіде пайда болды
Фото: Бейнеден кадр
Дикий Арманға қатысты үкім жарияланар алдында сот отырысынан алынған кадрлар интернетте пайда болды, деп хабарлайдыв Orda.kz.
Процесс жабық тәртіпте өткендіктен, сотта айтылған ақпараттың таратылуына тыйым салынған. Ендеше, кім және қандай жолмен сот тыңдауларын жазып алды? Orda.kz тілшісі айыпталушының адвокаты мен байланысып, мән-жайды анықтады.
YouTube-та «Арман Жұмагелдиев» деп аталатын арнада пайда болған бірінші видео 14 желтоқсан күн салынған. Яғни, прокурор оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрағаннан кейін.
«Бұл арна «Қаңтар оқиғасы» бойынша әділетсіз айыпталғандардың еркіндігін, абыройы мен қадір-қасиетін қорғау мақсатында құрылды. Мұнда сол күндерге қатысты сенімді материалдар жарияланады» делінген арнаның сипаттамасында.
Қазіргі уақытта арнада 8 видео жарияланған, олардың көбі жабық сот отырыстарының жазбалары. Кадрда Арман Жұмагелдиевке ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі Руслан Исқақов пен осы іс бойынша сұралып жатқан Бердақ Бекетовтің сөздері тіркелген.
Сонымен қатар, арнада қаңтар оқиғаларына қатысты кадрлар да бар. Бейнежазбада қылмыстық авторитет және оның жақтастары, өздерін «дружинниктер» деп атап, қолында мылтығы бар адамнан қаруын алып жатқан тұсы көрсетілген.
Осы видеолардың Арман Жұмагелдиевке қаншалықты қатысы бар жоғын анықтау мақсатында Жұмагелдиевтің адвокаты Олег Черновқа хабарластық.
«Мен бұл туралы ештеңе білмеймін, ол видеожазбалардың бұл іске қаншалықты қатысы барынан хабарсызбын. Мен арнаның кімге тиесілі екенін және осы материалдардың артында кім тұрғанын да айта алмаймын», — деп жауап берді адвокат.
Сондай-ақ, қорғаушы оның қорғауындағы адам тергеу изоляторында екенін еске салды, яғни заң бойынша ол интернетке қол жеткізе алмайды.
«Оның үстіне ол ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр. Бұл жердегі жағдайлар басқа мекемелерге қарағанда қатал», — деп қосты Чернов.
Айта кетейік, сот процесінен алынған кадрлар басқа платформаларда да жарияланды. Мұндай бірнеше бейнемазмұн Дикий Арманның Instagram парақшасында да пайда болды.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды