Депутаттар азаматтық-құқықтық шартқа тыйым салып, шетелдіктердің айлығын қысқартпақ
Фото: Orda.kz/ Ольга Ибраева
Депутат Асхат Аймағамбетов еңбек қауіпсіздігін күшейтуге және жұмысшылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, қазіргі еңбек заңнамасында шешімін таппай тұрған олқылықтар бар, соның салдарынан қызметкерлер негізгі әлеуметтік кепілдіктерден қағылуы мүмкін.
Аймағамбетов бұл мәселелерді жою үшін заңнамаға жаңарту енгізу қажет екенін атап өтті.
«Көп жағдайда жұмыс берушілер шығынды азайтып, әлеуметтік міндеттемелерден қашу үшін еңбек шартының орнына азаматтық-құқықтық келісімшарт жасайды. Адам жұмыс кестесіне бағынып, басшысының тапсырмасын орындайды, бірақ құжат жүзінде ол қызметкер болып саналмайды. Біз енді мұндай жағдайға нақты тосқауыл қоямыз. Еңбек қатынастарына қайшы бір белгі байқалатын болса, азаматтық-құқықтық келісімшарт жасасуға тыйым салынады», – деп мәлемдеді Асхат Аймағамбетов.
Депутат сондай-ақ бірдей жұмысты атқаратын қызметкерлердің жалақысындағы айырмашылық мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, кейбір компаниялар шетелдік мамандарға қазақстандық әріптестеріне қарағанда лауазымы бірдей болса да әлдеқайда жоғары жалақы төлейді.
Жаңалықтар
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды